Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы

«Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Ө. Нұрғисаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 27.03.2020, 15:00
  • 31.03.2020, 17:00

Оралбекова Мақпал 31.03.2020, Сұрақ нөмірі: 9164

  • 0

«Ашық Үкімет» e-gov порталы арқылы бос лауазымдарды іздеу және конкурсқа қатысуға өтінішті беруге қатысты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік қызметтерге Ашық Үкімет e-gov порталы арқылы қол жеткізуге мүмкіндіктер жасалынуда. Мысалы,«Басты бет/Азаматтарға/Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу/Мемлекеттік қызмет» осы беттегі мемлекеттік қызметке қол жетімділік толық жетілмеген. Қызметті онлайн қалай алуға болады: 1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 2. Іздеу кртитерилерін тапсырып бос қызметтерді іздеуді іске асыру қажет. Егер тапсырылған критерилер бойынша бос қызметтер табылса, олардың мәртебесі «Конкурсқа жарияланған» мәніне өзгеру жөнінде хабарама алу үшін жазылу мүмкіндігі бар. 3. Егер тапсырылған критерилер бойынша конкурсқа жарияланған бос қызметтер табылған болса, бір ғана бос қызметті таңдап, өтінімді толтыру және оны ЭЦҚ (электронды цифрлық қол) қол қою қажет. 4. Жеке кабинетте қызметті көрсету нәтижелерімен танысу. Алайда іс жүзінде, e-gov порталы арқылы (бірнеше жылдан бері) қызмет алу мүмкін емес. Сонымен қатар, неге тек қана мемлекеттік қызмет неліктен құқық қорғау органдарына бос лауазымдарға конкурсқа қатысу мүмкіндік жасалмаған? Сондай-ақ «жеке істі сұрату» қызметі бойынша мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметтері деп бөліп қарастыру жөн деп есептеймін. Себебі кез-келген азамат құқық қорғау органдарында бұрын істеген болса белгілі бір уақыт өткеннен кейін конкурсқа қатысу барысында қызметтік тізімін (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады) кадр қызметі растайтын құжаттарды тапсыруға мәжбүр болады. Бұл ретте онлайн қызметті алдын ала құзырлы мемлекеттік органға сұрау жібертіліп, оны растайтын құжатты яғни «қызметтік тізімін» қызмет түрін алуды қарастырылу қажет деп есептеймін. Бұл өтінішт азаматтардың сыны мен өтініштерінен туындаған, білгілі бір мемлекеттік арыз-шағымдар қарастырылмаған, сондықтан берілген сындар мен ұсыныстарды заң нормаларына мемлекеттік қызметке қажетті толықтырулар енгізуді, одан әрі жетілдіруді қарастыруыңызды сұраймын.

Алматы облысы 31.March.2020, 16:52

Құрметті Оралбекова Мақпал! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Сіздің «Ашық үкімет» е-гов порталы, мемлекеттік органдардың және уәкілетті органдардың интернет сайттарының толық пысықталмағаны жайлы интернет-конференциясына жазылған өтінішіңізге төмендегіні хабарлайды. Расында да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері жасалуда. «Ақпараттандыру туралы» Заңның 9-бабы 14) тармақшасына және 10-бабы 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (бұдан әрі – МОИРБП) интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Агенттіктің интернет-ресурсы МОИРБП-ға ауыстырылды, ол https://gov.egov.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан. Одан басқа, Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Агенттік «Бос лауазымдар» жаңа бөлімінің макетін әзірледі. Жоғарыда көрсетілген бөлімде мемлекеттік қызметке үміткерлерге қолайлы форматта өзіне лайықты бос лауазым таңдауға мүмкіндік беретін іздеу жүйесі қарастырылған. Осыған байланысты, а.ж. 27 ақпаннан бастап мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу туралы хабарландырулар мемлекеттік органдар МОИРБП-ға дербес енгізеді. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін, конкурсқа құжаттар тапсыруды электрондық түрде жүзеге асыру мәселесіне тоқталатын болсақ: Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының хабарландыру жарияланғанан күнен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат өтінішін, конкурсқа қатысуға қатысты құжаттарды конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыра алады. Сонымен қатар, Агенттіктің ресми сайтындағы «Әкімшілік лауазымдарға бос орындар» бөлігінде конкурстың түрі, мемлекеттік орган, аймақ, санаттарын, мамандығын, жұмыс тәжірибесін, жалақы деңгейін таңдау арқылы да өзіңізге керекті бос лауазымды қарастыруға болады. Ол үшін https://www.gov.kz/ сайтына кіріп, Агенттікті таңдап, «Әкімшілік лауазымдарға бос орындар» бөлігіне кірсеңіз интерфейстің сол жағынан жоғарыда аталған ақпараттарды көре аласыз. Сондай-ақ, бос лауазымдарды орталық және өңірлік деңгейге бөліп қарастыруға да болады. Анықтама үшін: https://www.gov.kz/ сайттын әзірлеуші Агенттік болғандықтан аталған сайттың «Құқық қорғау лауазымдарға бос орындар» бөлімі бойынша және техникалық сұрақтар мен ұсыныстарыңызды gov@nitec.kz сілтемесі арқылы жолдауға немесе онлайн қабылдау арқылы сұрақтарыңызды талқылап, мәселелерді шешу үшін +7 (7172) 75-34-27, 8 (7282) 24-10-50 нөміріне хабараласа аласыз.