Елдегі төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.03.2020, 10:00
- 31.03.2020, 13:00
Шамгалиев Ерлик 31.03.2020, Сұрақ нөмірі: 9165
Короновирустан өз қызметкерлеріңізді қалай қорғап жатырсыздар?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 06.April.2020, 13:10
Құрметті Ерлік! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өз қызметкерлерінің арасында COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шаралары қабылданған. Агенттікте мәжілістер бейне-конференция байланысы арқылы немесе қашықтықтан жүргізілуде. Агенттік пен аумақтық органдардың басшылары азаматтарды қабылдауды тоқтатты. Сонымен бірге Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне: - әкімшілік ғимараттардың ішінде жүріп-тұру кезінде маскаларды кию және респираторлық гигиенаны сақтауды қамтамасыз ететін арақашықтықты ұстау және қол алыстан бас тарту ұсынылды; - телекоммуникациялық және басқа да байланыс құралдарын пайдалану арқылы қызметтік және қызметтік емес мақсаттарда коммуникацияларға барынша өту және туындайтын мәселелерді шешу, соның ішінде әкімшілік ғимараттардың ішінде кабинеттер арасында қозғалысты барынша шектеу қойылды; -ерекше өкімге дейін қызметтік іссапарларға шығу тоқтатылды; - жұмыс уақытынан тыс жаппай жиналатын орындарға (базарлар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б.) барудан бас тарту ұсынылды. Бұдан басқа: - арнайы қорғаныс құралдары сатып алынды (медициналық маскалар, келушілерге арналған байланыссыз термометрия құралдарды), -барлық кіріс қағаз хат-хабарлары зарарсыздандырылады; - апта сайынғы баспасөз-брифингтерін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Агенттіктің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына шақырмай, Агенттіктің ресми беттерінде әлеуметтік желілерде онлайн трансляциямен өткізілуде; - Агенттік және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің/жұмысшыларының жаппай бір жерде болатын орындары жабылды (асханалар, спортзалдар, және т. б.); - Агенттіктің Кезекші бөлмесі және өткізу бөлмесі, Агентіктің құрылымдық бөлімшелері қолды өңдеуге арналған дозатор-антисептиктермен қамтамасыз етілді; - ортақ пайдаланылатын орындарда күшейтілген санитариялық-зарарсыздандыру режимі қамтамасыз етілді (заттардың бетін, лифттерді, лифттердің батырмаларын, есік тұтқаларын, дәретханаларды, дәліздерді күніне екі реттен кем емес өңдеу); - кабинеттерді желдету, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне екі реттен кем емес ылғалды жинау, әрбір рейстен кейін қызметтік көліктің жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу ұйымдастырылды.