Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы
«Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Ө. Нұрғисаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 27.03.2020, 15:00
- 31.03.2020, 17:00
Тусупбаев Азат 31.03.2020, 15:28, Сұрақ нөмірі: 9169
Саламатсыз ба! Мен осы айдың басында госслужбадан жұмыстан шықтым. Енді госслужбаға тест тапсырмай қайта кіре аламын ба???
Алматы облысы 31.March.2020, 15:33
Сәлеметсізбе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабы, 8-тармағына сәйкес, теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы. Яғни, Сіз осы мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өтпестен, жарияланған бос лауазымдарға конкурстарға қатыса аласыз.