Үлескерлik құрылыс қатысушыларымен интернет-конференция
Салушылар, тұтынушылар, жылжымайтын мүлік субъектілері арасындағы құқықтық және экономикалық қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасы азаматтарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен, банктармен, Қазақстан Республикасы салушылары ассоциациясымен байланысуға мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 20-55/007-679 Жарлығы негізінде 2008 жылдың 9 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасындағы үлескерлік (үлескерлер) құрылысқа қатысу мәселелері «электрондық үкімет» Веб-порталында http://www.e.gov.kz/ 2008 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өткізіледі
- Сұрақтар: 686
- Жауаптар: 1038
- 09.09.2008
- 01.11.2008
- Қызылорда облысы әкімдігі
Рахимова К.Т. 30.10.2008, Сұрақ нөмірі:
Биз АК "Куат" Корпорациясымен келисим шартка 3.06.06 жылы келисим шартка отырдык. Келисим шарттын №1841/Т-20/1 Алматы каласынын Тастак ауданындагы уй 2008 жылдын шилде айнда курылыс битип, тапсырылу керек еди. Бирак бул уакытка дейн курылыс басталган да емес. Тек платформасы гана куылып койган. Осы уакытка деин Халык банкине акша куылып отырды. Бул жагдайда калай бул маселени шешуге болады? Уйсиз отыра беремиз, уйдин курылысы басталмаса акшаны калай кайтарып аламыз?Укимет бул маселени шеше ме?
Администратор 05.11.2008
«Қуат Корпорациясы» АҚ-ның құрылысы бітпеген нысандарын, оның ішінде «20 квартал» тұрғын үй кешенін аяқтау мақсатында, қазіргі таңда корпорация және екінші деңгейлі банктермен бірге жаңа заңды ұйымдар құрылып отыр. Оған қоса Алматы қаласының әкімдігі құрылған ұйымдарға құрылыс нысандарын су, электр, жылыту жүйелерін жүргізу мен қамтамасыз етуде көмектесетін болады. Үлескерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламада құрылысты аяқтауға мемлекеттік қаражаттан үлескерлерге ақшаны қайтару қарастырылмаған. «Халық Банк» АҚ-на ипотекалық несиені төлеу туралы сауалыңызды, сіз банкке немесе Қазақстан Республикасының қаржыгерлер қауымдыстығына жолдауыңыз қажет.