Елдегі төтенше жағдайдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 15.04.2020, 10:00
- 15.04.2020, 13:00
Ергеш Мұсабек 15.04.2020, 10:42, Сұрақ нөмірі: 9194
Қайырлы күн! Менің Сізге қояр сұрағым бар еді. Әоеуметтік желіден бір шенеуніктің сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп жазғанын оқимыз. Бірақ, көп өтпей сол шенеунік жұмысын жасап жүргенін естиміз. Сонда ол азаматтарға жұмыс жасауға заң рұқсат бере ме?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 15.April.2020, 20:37
Құрметті Ергеш! Лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті тоқтатуына, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуi негіз болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексiнің 50-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынады. Бұдан басқа, ҚР Қылмыстық кодексiнің 65-бабында, сыбайлас жемқорлық қылмысты алғаш рет жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін деп қөрсетілген. Бұл жағдайда да мемлекеттік қызметшіге лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Егер аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалау ақтау себептерімен қысқартылған жағдайда, олар қызметінде қалуы мүмкін. Белсенді азаматтық ұстанымыңызға ризашылық білдіреміз.