Елдегі төтенше жағдайдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 15.04.2020, 10:00
  • 15.04.2020, 13:00

Қыдырбай Қасиет 15.04.2020, 10:58, Сұрақ нөмірі: 9198

  • 0

Сәлеметсіз бе Құрметті Алик Жатқамбайұлы Баспасөзге жазылу кезінде мектептегі мұғалімдерден және аураханадағы қызметкерлерден міндетті түрде 2-3 газетке жазыласыңдар деген талап қояды. Бұл қаншалықты заңды екен? Қазір таңда, басым көпшілігіміз жаңалықты газеттен емес интернеттен оқимыз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 15.April.2020, 18:10

Құрметті Қыдырбай Қасиет! Азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс білдіремін. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарттық немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспашы, сондай-ақ ұйымдар немесе азаматтар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi. Осыған байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде газеттерге, журналдарға және т.б. ерікті түрде қабылданған міндеттемеден басқа жазылуға, ешкім мәжбүр ете алмайды. Егер бұқаралық ақпарат құралдарына жазылуға мәжбүрлеу бойынша нақты деректер болатын болса, Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласу қажет.