«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 27.04.2020, 09:00
- 30.04.2020, 18:00
Абишов Ернат 27.04.2020, 14:03, Сұрақ нөмірі: 9213
Қайырлы күн, құрметті Айгүл Бейбітбайқызы!
Менің бір мынандай сұрағым бар еді. Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты жұмысқа қабілетті халық, оның ішінде біз, мемлекеттік қызметшілер үйде отырып, қашықтан жұмыс істеудеміз. Осы орайда, мәселен бір қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеруді тағайындадық делік. Тергеп-тексеру тағайындалған қызметші және өзге де тексеруге мүдделі лауазымды тұлғалар, бәрі қашықтықтан жұмыс істеуде. Қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін маған жан-жақты және сапалы ақпарат жинап, мемлекеттік қызметшінің құқығының бұзылмауына барлық жағдайды жасауым керек. Қызметтік тексеру бойынша кейбір деректерді айғақтайтын дәлелдерді көрсетуге қашықтықтан жұмыс істеп отырған тұлғаларға мүмкін болмай отыр. Бұл орайда қызметтік тексеру мерзімі, төтенше жағдайдың ережелерін ескере отырып, тоқтатыла тұруы мүмкін бе? Жауабыңызға рахмет.
Қарағанды облысы 27.April.2020, 14:38
Сәлеметсіз бе! Қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларымен реттелген. Қағидалардың 49-тармағына сәйкес қызметтiк тергеп-тексерулер қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы, демалыста немесе iссапарда болуына, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өз міндеттерін орындаудан босатылған жағдайда, қызметшінің даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасауы кезеңінде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда тоқтатыла тұрады. Өзіңіз байқап отырғандай, төтенше жағдайлар қызметтік тергеп-тексеру мерзімін тоқтатуға негіз бола алмайды. Алайда, қазіргі уақытта қашықтықтан жұмыс жасап отырған қызметшілерге жағдай жасалған. Осыған орай, қызметтік тергеп тексеруді қашықтықтан жүргізуге кедергі жоқ деп пайымдаймын.