«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 27.04.2020, 09:00
- 30.04.2020, 18:00
Темиргалиева Бахт 28.04.2020, 10:53, Сұрақ нөмірі: 9216
Қайырлы күн, Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қызметін алу үшін порталға өтініш берілеме?
Қарағанды облысы 28.April.2020, 15:26
Сәлеметсіз бе! Әрине, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкімет» порталына өтініш берсеңіз болады. Ең бастысы қажетті мәліметтерді толық көрсетіп, барлық ашық жолдарды толтыру қажет. Порталда - акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.