«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығы»
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығына қатысты сұрақтарды қарау
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.04.2020, 09:00
- 28.04.2020, 18:00
Найзабаева Мәдина 28.04.2020, 11:42, Сұрақ нөмірі: 9217
Қайырлы күн! Абайдың 175-жылдығы аясында жоғарыда аталып өткен танымдық, мәдени-көпшілік, спорттық шаралардан өзге өңірдің инфрақұрылымын дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Шығыс Қазақстан облысы 28.April.2020, 14:06
Мерейтойлық іс-шараларды өткізуге қажетті инфро-құрылымды дайындау бойынша келесі шаралар қабылданды: -Жидебай-Бөрілі және Сырт Қасқабұлақ кешендеріне баратын жолдарды жөндеу мен асфальттау; -Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесі кешенін жөндеу; -Сырт Қасқабұлақты, Құнанбай Өскенбайұлының қорымын абаттандыру; -Ақшоқыда Құнанбай әулетінің тарихынан сыр шертетін музей құрылысын салу; -Қарауыл ауылындағы жолдарды жөндеу және көшелерін жарықтандыру, Шәкәрім атындағы саябақты абаттандыру; - Семей қаласындағы Абай атындағы театр мен әмбебап кітапханасының және Абай музейінің ғимаратына жөндеу жүргізу және т.б.; Сонымен қатар, Абайдың туған жері Қарауыл ауылында Ұлы ақынның есімі берілетін үш жүз орындық жаңа мектеп салынуда. Бұдан бөлек, мерейтойды ұйымдастыру мен өткізуге еліміздің басқа өңірлері де ат салысуда. Облыс тарапынан Семей қаласының инфроқұрылымдық дамуы бойынша қажеттілікке талдау жасалынып, өңірлердің қаланы дамытуға қосатын үлесі бойынша он алты жоба ұсынылды.