Үлескерлik құрылыс қатысушыларымен интернет-конференция
Салушылар, тұтынушылар, жылжымайтын мүлік субъектілері арасындағы құқықтық және экономикалық қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасы азаматтарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен, банктармен, Қазақстан Республикасы салушылары ассоциациясымен байланысуға мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 20-55/007-679 Жарлығы негізінде 2008 жылдың 9 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасындағы үлескерлік (үлескерлер) құрылысқа қатысу мәселелері «электрондық үкімет» Веб-порталында http://www.e.gov.kz/ 2008 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өткізіледі
- Сұрақтар: 686
- Жауаптар: 1038
- 09.09.2008
- 01.11.2008
- Қызылорда облысы әкімдігі
Масалимова Г.С. 08.10.2008, Сұрақ нөмірі:
Мен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 29 мкр 24 үй ЖШС Инком Курылыс "Заветная мечта-1" 2006 жылдан бері үлескерімін. Ақтау қаласы № 2 соттың 27.08.2008 жылғы шешімі бойынша салынған ақшаны қайтару жөнінде сот шешімім бар.
Сұрақ: 1. Менің қолымдағы сот шешімінің заңды күші неше жыл ? 2. Сот шешімін орындаушы органға /администротороов судов/ 1 жылдан дейін тапсырмауға құқым бар ма? 3. 1Бір жылдан кейін бұл шешім бойынша, пайдама шешілген ақшаны заң жүзінде өндіре аламын ба ? 4. Бір жыл уақыт өткеннен кейін
/приостановить/ 2006 жылғы "Инком Курылыс" ЖШС жасалған келісім шартқа өзгеріс ене ме ?
Рахмет !
Администратор 15.10.2008
1.13 шілде 1999 жылғы № 411-I Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 236 бабына сәйкес сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi немесе оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi. Аталған Заңның 43 және 44 тарауларына сәйкес қолыңыздағы сот шешімінің заңды күшінің неше жыл екенін анықтап айту мүмкін емес себебі, қадағалау тәртібімен іс жүргізу немесе заңды күшіне енген шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу сияқты заң нормаларын іске қатысушылар пайдалануы мүмкін. 2.Қазақстан Республикасының 30 маусым 1998 жылғы № 253-I Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының 7 бабы 1 тармағының 1-тармақшасына сәйкес сот актiлерi негiзiнде атқару парақтары орындауға беру мерзiмi - үш жыл iшiнде. 3.Қазақстан Республикасының 30 маусым 1998 жылғы № 253-I Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының 4-бабына сәйкес атқару құжаттарын орындау, атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен бөлiмдерiнiң сот орындаушыларына жүктеледi. 4.2006 жылғы «Инком Курылыс» ЖШС мен жасалған келісім шартқа бір жыл өткен соң өзгеріс енетінін немесе енбейтіні туралы сұраққа жауап беру мүмкін емес себебі, біз сот шешімімен танысқан жоқпыз және Сіздің қолыңызда Ақтау қаласының №2 сотының 27.08.2008 жылғы заңды күшіне енген салынған ақшаны қайтару жөнінде сот шешімі бар болса, Инком Курылыспен арадағы келісім шарттың заңды күшінде болуы күмән келтіреді.