«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығы»
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығына қатысты сұрақтарды қарау
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.04.2020, 09:00
- 28.04.2020, 18:00
Берікбекова Толқын 28.04.2020, Сұрақ нөмірі: 9220
Сәлеметсіздерме! Бұған дейін де Абай Құнанбайұлының мерейтойы атап өтілді. Биылғы тойдың өзге жылдарда өткізілген тойлардан айырмашылығы неде? Халық үшін қандай игілікті істер атқарылмақ?
Шығыс Қазақстан облысы 28.April.2020, 14:13
Өзге жылдармен салыстырғанда биылғы жылы аталып өтетін мерейтойдың ерекшелігі – той өткізілгеннен кейін де халықтың игілігіне пайдалы болатын шараларға басымдық берілген, яғни, облысымыздағы ірі қалаларының бірі – Семейдің, ақынның кіші отаны – Абай ауданының инфрақұрылымын, мәдени ошақтарын жақсарту, мектеп, музей құрылыстарын салу. Сондай-ақ, ақынның өмірін, шығармаларын насихаттауға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі заманның ақпарат құралы – әлеуметтік желілерде ақынның шығармашылығын насихаттау, мектептерде «Абайтану» сыныптарын, шетелдерде «Абай орталықтарын» ашу, білім беру мекемелерінің бағдарламаларына «Абайтану» пәнін оқытуды енгізу, ақын шығаршалығын зерттейтін ғылыми конференциялар тәрізді ғылыми-ағартушылық бағыттағы жұмыстар атқарылуда. Ақын мұрасын ұлықтау мақсатында «Абай әлемі» жобасы аясында ақынның қара сөздерін ағылшын тілінде шығару, «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының һөлеңі» кітабының репринтті басылымы қайта басып шығару, алашордашылардың, ғалымдардың Абай Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектерінің «Абайтану. Таңдамалы зерттеулер» көптомдығын жарыққа шығару бағытынды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, Семей қаласы мен ақынның туған жерінде инфрақұрылым жақсарып, туризмді дамытуға мүмкіндік туады. Мысалға, «Құнанбай қорымы», «Сырт Қасқабұлақ» елді мекені бұрын ескерусіз болса, бүгінгі күні теңгерім иегері анықталып, республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілді.