«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығы»

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығына қатысты сұрақтарды қарау

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.04.2020, 09:00
  • 28.04.2020, 18:00

Халелова Айжана 28.04.2020, 14:20, Сұрақ нөмірі: 9221

  • 0

Сәлеметсіздерме! Абай шығармашылығын насихаттауда облысымыздағы шығармашылық ұжымдардың үлесі қандай?

Шығыс Қазақстан облысы 28.April.2020, 15:50

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау мен өткізу жөніндегі облыстық жоспарға сәйкес, ақын мұрасын насихаттау мақсатында облыстағы концерттік ұйымдардың шығармашылық ұжымдарының, театр артистерінің Қазақстанның бірқатар қалаларына, шетелдерге гастрольдік сапарлары жоспарланған болатын. Аталған гастрольдік сапарлардың жоспары әлемдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты қайта қаралатын болады. Шығармашылық ұжымдардың, солистердің репертуарлары ақын шығармаларымен, ақын шығармашылығы тақырыбындағы жаңа туындылармен толықтырылуда. Мысалы, «Дариға-ай» жастар театры ағымдығы жылдың ақпан айында М. Әуезовтың «Абай» трагедиясы спектаклінің желісімен «Ғажайып трагедиясы» спектаклінің премьерасын өткізіп, көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Облыстық драма театры тарапынан М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы желісімен қойылған «Дорога к истине» атты жаңа спектакль көрерменге ұсынуға дайын. Карантиндік режимге байланысты мәдениет мекемелерінің әлеуметтік желілерінде онлайн-концерттер өткізілуде.