«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 27.04.2020, 09:00
- 30.04.2020, 18:00
Зәбира Сымбат 28.04.2020, 16:01, Сұрақ нөмірі: 9223
Менім көршім аяғынан мүгедек, соған мүгедектерге арналған креслоны төтенше жағдай кезінде қалай алуға болады?
Қарағанды облысы 28.April.2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген. Осы стандартқа сәйкес, мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы тапсыра аласыз. Стандартқа сәйкес, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті 10 жұмыс күні ішінде көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, қажетті құжаттар топтамасын сол стандарттың 9-тармағына сәйкес тапсыруыныз қажет болады. Алайда, қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларына» сәйкес мүгедектерге кресло-арбалар беру қызметі «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының қосымшасына сәйкес немесе интернет-ресурс арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы Сервис арқылы жоғарыда көрсетілген қызметті алуға өтініш берген кезде сол көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтінішті толтырады, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сканерленген нұсқаларын қамтитын электрондық файлдарды қоса береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қояды. Мемлекеттік қызмет көрсету (көрсетуден бас тарту) нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыстың абоненттік нөміріне және көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) sms-хабарлама арқылы жіберіледі не Сервис арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберіледі.