«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 27.04.2020, 09:00
- 30.04.2020, 18:00
Мухтаров Мадияр 28.04.2020, 16:32, Сұрақ нөмірі: 9224
Қайырлы күн. Іс жүзінде, мемлекеттік қызметшілерді себепсіз, яғни заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тарту жағдайлары болып жатады. Мұндай мемлекеттік қызметкерлер не білулері керек?
Қарағанды облысы 28.April.2020, 17:58
Қайырлы күн! Cұрағыңызға рақмет. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама тек қана жауапкершілікке тарту мәселелерін ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тартудың алдын алуға кепілдік береді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 46-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлер жоғары тұрған басшылыққа, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның әрекеттері мен шешімдеріне шағымдана алады. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер заңсыз қабылданған шешімдерге сотқа немесе мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға шағымдануға құқылы, оның ішінде біздің Департаментке де жүгіне алады. Бұл ретте, жыл басынан Департаменттің ұсынысы бойынша бір заңсыз тәртіптік жазаға тарту бойынша шешімінің күші жойылғанын айтып өткім келеді.