«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 27.04.2020, 09:00
- 30.04.2020, 18:00
Әубәкірова Алуа 29.04.2020, 16:30, Сұрақ нөмірі: 9229
Қайырлы күн! Өзіңізге белгілі төтенше жағдайға байланысты барлық облыстарда карантин жарияланды. Осыған байланысты конкурстар тоқтатылды ма? Себебі құжат тапсырған жағдайда қала ішінде жүріп тұруға мүмкіндік жоқ.
Қарағанды облысы 29.April.2020, 17:36
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 53 және 90-тармақтарына сәйкес жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін. Осыған орай жарияланған конкурстарды өткізуге еш кедергі жоқтығын хабарлаймыз.