«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 27.04.2020, 09:00
  • 30.04.2020, 18:00

Шаяхметова Динара 30.04.2020, 09:28, Сұрақ нөмірі: 9232

  • 0

Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданарда түрі қалай анықталады, мысалы ескерту ме сөгіс пе?

Қарағанды облысы 30.April.2020, 10:57

Сәлеметсіз бе! Тәртіптік жазаның түрін анықтағанда бірнеше факторларды негізге алу қажет. Біріншіден, тәртіптік жаза жасалған тәртіптік терiс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес келуге тиiс. Екіншіден, тәртіптік жазаның түрін анықтау үшін келесі жағдайларды ескеру қажет: терiс қылықтың мазмұны мен сипатын, жасалған кездегі мән-жайларды, жасалған терiс қылық әкеп соққан немесе әкелуі мүмкiн келеңсiз зардаптар, оны жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы, жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ қызметшiнiң жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар жинақтала есепке алынуы тиіс. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына сәйкес, егер тәртіптік теріс қылық бірінші рет немесе бұрынғы жарияланған тәртіптік жаза алынып тасталғаннан кейін жасалса, қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Егер қызметшіде алынбаған ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс түріндегі жазасы болса, онда қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Өз кезегінде, қызметші лауазымын төмендету немесе қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi алынбаған жазасы бола тұра терiс қылық жасаса, онда қызметшіге лауазымынан босату түрiндегi жаза қолданылады. Бұдан бөлек, егер қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қыземті туралы» Заңның 50-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаса, бірден қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту, лауазымынан төмендету немесе қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылады.