«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 27.04.2020, 09:00
- 30.04.2020, 18:00
Ныгызбаева Райхан 30.04.2020, 16:28, Сұрақ нөмірі: 9236
Сәлеметсіз бе! Сізден сұрайын дегенім былтырғы жылы 10 жастағы үлкен баламмен шет елге шығу үшін менің паспортыма фотосын жабыстыру арқылы еш кедергісіз шет елге шығуға болатын еді. Биылғы жылы екінші 8 жастағы балама дәл солай паспортыма фотосын жабыстырып құжат рәсімдейін десем ХҚК орталығының маманы қазір Заң өзгерген. Бұрынғыдай фото жабыстырып жүре алмайсыз. Ол балаға жеке паспорт алу керек дейді. Осы қаншалықты Заңды?
Қарағанды облысы 30.April.2020, 17:12
Сұрағыңыз өте орынды. Шынымен де «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңға былтырғы жылдың қараша айында енгізілген өзгерістерге сәйкес аталған Заңнан Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда 16 (он алты) жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазбасын енгізу алынып тасталды. Осыған орай, ХҚК орталығының маманының әр балаға паспорт рәсімдеу қажет дегені заңды талап.