«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 13.05.2020, 09:00
- 15.05.2020, 18:00
Назан Маржан 14.05.2020, 17:10, Сұрақ нөмірі: 9253
Мемлекеттік қызметке кірудің 3-ші бағдарламасы бойынша қанша заңнамалық актілерден тест тапсырамыз?
Шымкент қаласы 14.May.2020, 17:10
Құрметті қолданушы, 7 заңнамалық акті бойынша тест тапсырады. Олар: 1) ҚР Конституциясы 2) ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңы 3) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы 4) ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы 5) ҚР Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңы 6) ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы 7) ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі