Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 160
- Жауаптар: 124
- 22.09.2008
- 10.11.2008
- Алматы қаласы әкімдігі
Құлниязова Гүлнар 30.09.2008, Сұрақ нөмірі:
Біздер,Атырау қаласы,Дружба көшесі,1-ші үйдің(бұрығы жатақхана) тұрғындарымыз.Қазақстанның мұнайлы да бай астанасының бөлек бір аралында қалғандаймыз.Жертөле қысы-жазы суға толып,сыртқа шығып жатыр,салқын су жоқ,көгілдір отын жоқ,көбіне жарықсыз қаламыз,өрттен шығу жолдары жабылып,ол жерлер пәтерге айналып кеткен,2 рет өрт болып,адам өлімі орын алды,биыл қыста жылу да болмайды,себебі,суға толған жертөледегі бүкіл құбырлар шіріп кеткен,жағымсыз иіс,маса,тышқан толып кеткен.Бұрынғы «Альбина»,қазіргі «Бәйтерек алаңы» пәтер иелері кооперативі басшысы-Саменов Т.С., 7-8 жыл бізге басшы болып,өз пайдасына жұмыс жасап,тұрғындарға еш жағдай жасамай,аяқ астынан бізді далаға тастап кетті. 1)Қ.Р. табиғи манаполияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментіне-10.04.08., 2)Қ.Р. табиғи манаполияларды реттеу Агенттігіне(Астана)-24.04.08., 3)Атырау қаласы прокурорына-26.05.08., 4)Атырау қаласы әкіміне-27.05.08., 5)Қаржы полициясына-28.05.08., 6)«Ақ Жайық» газетіне-05.06.08., 7)Атырау облысы әкіміне,интернет конференцияға-25.07.08. жаздық,ешкімге бұл проблема керек емес,ешкімнен көмек жоқ!Халықтың жағдайын кім ойлайды?50 елдің маңы түгіл,шаңына да жете алмаймыз ғой!
Администратор 17.11.2008
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 31 бабына сәйкес үйдің төбесі, шатыры, кіреберісі, жертөлесі пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелерімен жабдықтар және ортақтасып пайдаланатын мүліктер ортақ меншік (кондоминиум) болып табылатындықтан аталған заң бойынша барлық жөндеу жұмыстарын тұрғындардан қосымша қаражат жинау арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қалалық бюджеттен жеке меншік үйлерді жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылмаған. Жертөлені құрғату үшін әкімшілік тарапынан кесте бойынша су сорғыш (вакуум) машинасы беріледі, қазіргі таңда аталған тұрғын үй жылумен, ыстық, салқын сумен қамтамасыз етілген. Үйді энергиямен, яғни жарықпен қамтамасыз ететін Қазақстан теміржолы компаниясының ЭЧ-4 мекемесі, жарық бар. Ал, үйлеріңізге табиғи газ қосу үшін пәтерлеріңіздің ас үйінде ауа-айналымы жолдары болуы тиіс.