«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 13.05.2020, 09:00
- 15.05.2020, 18:00
Паразбекова Сарсенкул 15.05.2020, 17:09, Сұрақ нөмірі: 9264
Мемлекеттік қызметке кіретін тестті тапсырып болған соң, жеке қасиеттерін бағалау тестіне кіру міндетті ме?
Шымкент қаласы 15.May.2020, 17:09
Құрметті қолданушы, мемлекеттік қызметке кіру бойынша тестілеу бағдарламасынан өткен соң жеке қасиеттерін бағалау (ОЛК) өту міндетті және оны өтудің шекті мәні белгіленген.