Мемлекеттік қызмет: тиімділік, жауапкершілік, әдептілік

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 22.05.2020, 09:00
  • 22.05.2020, 18:30

Бердіқұлов Бағлан 22.05.2020, 15:14, Сұрақ нөмірі: 9280

  • 0

Қазіргі уақытта ешқандай жұмыс істемеймін. Менің отбасым және екі жас балам бар.Жұмыссыз ретінде тіркелсем маған тұрақты жұмыс табылады ма?

Ақмола облысы 22.May.2020, 17:28

Сәлеметсіз бе! Сізге жұмыссыз ретінде тіркелу үшін Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Аталған мекеме жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және ҚР заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын жүзеге асыру бойынша функцияларды жүзеге асырады. Мекен-жайы: Көкшетау қ., Сүлейменов көшесі, 23/1 ғимарат. Жұмыс телефондары: 8 (716 2) 90 10 34, 90 10 35