«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Шалабаев Ерболат 22.05.2020, 15:17, Сұрақ нөмірі: 9281
Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау нәтижесінің салдары қандай?
Түркістан облысы 22.May.2020, 16:08
Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі. Тиісінше, бағалаудың салдары болады. Бағалаудың нәтижесі қызметшіге бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, қызметінен төмендетуге немесе босатуға негіз бола алады. Егер қызметші екі жыл қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алса, оны біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, лауазымынан төмендетуге әкеледі. Төмен тұрған бос лауазым болмаса, қызметінен босатады. Құзыреттілігі бойынша бағалау нәтижесі төмен болған жағдайда, мемлекеттік қызметшіні оқытуға негіз болады.