«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 22.05.2020, 15:00
  • 22.05.2020, 18:00

Адыр Үлжан 22.05.2020, 15:22, Сұрақ нөмірі: 9282

  • 0

Қазақстан Республикасыны Мемлееттік қызмет істері агенттігнің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметкерлердің қандай теріс қылықтар жасауы бойынша арыздар қаралады?

Түркістан облысы 22.May.2020, 16:13

2019 жылы Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен 610 арыз – шағым қаралған. Негізінен өтініштерге заңнамаларға сәйкес жауаптардың берілмеуі, мемлекеттік органдарды қайта құру кезінде және мемлекеттік қызметтен шеттету кезінде мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарының сақталмауы, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларының сақтамалмауы, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан туындауына байланысты жазылады.