«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Махамбетова Салтанат 22.05.2020, 15:24, Сұрақ нөмірі: 9283
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінде негізінен кімдердің және қандай лауазым иелерінің істері қаралады?
Түркістан облысы 22.May.2020, 16:14
ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі кеңестердің ережесіне сәйкес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-0-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілге қатысты тәртіптік істер қаралады.