«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 22.05.2020, 15:00
  • 22.05.2020, 18:00

Джуматаева Жайна 22.05.2020, 15:26, Сұрақ нөмірі: 9284

  • 0

Мемлекеттік қызметшілерге берілген сыйлықтарды не істеу керек? Ол үшін қандай жауапкершілік бар?

Түркістан облысы 22.May.2020, 16:18

Қолданыстағы Заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мүліктік пайда және артықшылықтар алу үшін ресми тұлғаларға сыйлықтар беруге және негізсіз қызметтер көрсетуге тыйым салынады. Бұл ретте, екі айлық көрсеткішке дейінгі (5 556 т.) мөлшерде сыйлық алғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 600 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, яғни 1 666 800 теңге көлемінде айыппұл төлеуге әкеп соғады. Ал, сыйлықтың бағасы екі айлық көрсеткіштен, яғни 5556 теңгеден артық болатын болса, ол пара болып саналады. Ол үшін Қылмыстық кодекске сәйкес, мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен не жария түрде берілген сыйлықтар алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ерікті түрде оны мемлекеттік мүлік және жекешелендіру органдарына тапсыруы қажет.