«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Адыр Үлжан 22.05.2020, 15:31, Сұрақ нөмірі: 9285
Әлеуметтік желілерден оқып жатамыз: бір шенеунікке ескерту берді, біреуіне қатаң сөгіс берді, біреуін жұмыстан шығарды, ал ісін қарау кезінде кінәсі болмағаны анықталғандар болады ма?
Түркістан облысы 22.May.2020, 16:20
Ия. Әдеп кеңесінің отырысында кеңес мүшелерімен тәртіптік істер жан-жақты қаралады, талқыланады. Егер мемлекет қызметшінің кінәсі нақты дәлелін таппаса, онда Кеңес ережеснің 27 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, оған қатысты тәртіптік іс тоқтатылады, және болашақта дәл сол іс қайта қаралмайды.