«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Молдыбай Ринат 22.05.2020, 15:50, Сұрақ нөмірі: 9286
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістерде конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі делінген. Олар қандай тәсілдер?
Түркістан облысы 22.May.2020, 17:05
Агенттік төрағасының 02.03.2020 жылғы №40 бұйрығымен енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, конкурс комиссиясы кандидаттарды іріктеу барысында бос лауазымдарға қажетті, білікті, білімді мамандарды іріктеу үшін мүмкіндіктер берілді. Ол тәсілдер: презентация, кейс, есеп, диктант түрлерінде болуы мүмкін. Бұл ретте осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеудің құралдарын қолдану туралы ақпарат конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуі қажет.