«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Мархабай Бекжігіт 22.05.2020, 15:51, Сұрақ нөмірі: 9287
Мен Мархабай Бекжігіт жалпы конкурқа қатысу үшін құжаттарды хабарландыруда көрсетілгін электрондық поштаға жолдап, әңгімелесуге жіберілгін жағдайда қашықтықтан сұбхат жүргізуге мүмкіндік болады ма ?
Түркістан облысы 22.May.2020, 17:34
Құрметті Мархабай Бекжігіт, сұрағыңызға үлкен рақмет! Агенттік Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін екенін назарыңызға ұсынамын.