«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Алсейтова Сара 22.05.2020, 15:51, Сұрақ нөмірі: 9288
Егер мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершіліккке тартылса, оның салдары не болады (мемлекеттік қызметкер)?
Түркістан облысы 22.May.2020, 17:08
Біріншіден, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәлімет ҚР БП құқықтық статистика басқармасында тіркеледі. Екіншіден, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді;