«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 22.05.2020, 15:00
  • 22.05.2020, 18:00

Сейтбек Мырзабек 22.05.2020, 16:19, Сұрақ нөмірі: 9289

  • 0

Пандемияға байланысты үйден шықпай отырмын, Егов порталдан қызмет алайын десем ЭЦҚ сұрайды, Цонға барып алуға мүмкіндігім жоқ. Сізден сұрайын дегенім, ЭЦҚ алудың жеңілдетілген түрі барма?

Түркістан облысы 22.May.2020, 17:08

Сіз, Электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ, "Электрондық үкіметтің" веб-порталының басты бетін ашып, сол жақтағы Сервистер қатарындағы, ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу батырмасын басу арқылы және қадам-қадамымен сұраныс тарды басу арқылы ала аласыз. Ол үшін: -Өзіңізбен бірге қолданыстағы жеке куәлік немесе ҚР азаматының паспорты болуы; -Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефон болуы; -Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс; -ЭЦҚ одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламасын орнату қажет.