«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Тұтжанова Аякөз 22.05.2020, 16:21, Сұрақ нөмірі: 9290
Мен бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Мемлекеттік қызметке кіруге ниетім бар. Білімім жоғары, егер қызметке тағайындалсам, маған еңбек өтілі қажет па?
Түркістан облысы 22.May.2020, 17:15
Агенттік Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдардағы ең төменгі болып табылатын жетекші маман және бас маман лауазымына жоғары білім болса жеткілікті, бұл ретте жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.