«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 22.05.2020, 15:00
  • 22.05.2020, 18:00

Жорабекова Зульфия 22.05.2020, 16:59, Сұрақ нөмірі: 9292

  • 0

Сәлеметсіз бе Айбек Ақбергенұлы. Мен мемлекеттік қызметтен 1 жыл бұрын шыққанмын. Мен мемлекеттік қызметке қайта кіретін болсам, маған сынақ мерзімі тағайындалады ма?

Түркістан облысы 22.May.2020, 17:35

Агенттік Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы» Заңынының 2-бабы 1) тармақшасына сәйкес, сынақ мерзімі мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының не нәтижелері бойынша жағымсыз себептермен мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кірген адам үшін ғана тағайындалады.