«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Сейталиева Майра 22.05.2020, 17:10, Сұрақ нөмірі: 9293
Мен Түркістан қаласындағы ШНОС жақта орналасқан ЦОН-ға барып, мәселемді тез әрі жылдам алдым. Қызметкерлердің іс-әрекетіне қалай баға беруіме болады?
Түркістан облысы 22.May.2020, 17:39
Қазіргі таңда Агенттіктің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беру үшін «Цифрлы агент» мобильді қосымшасы іске қосылған. Аталған мобильдік қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктер бар.