«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Серікбай Фариза 22.05.2020, 17:14, Сұрақ нөмірі: 9294
Мен, Түркістан қаласының тұрғынымын, ХҚКО тікелей бармай, қызмет алу үшін кезекті брондау қажет екендігін естідім. Қалай кезекті брондауға болатынын түсіндірсеңіз?
Түркістан облысы 22.May.2020, 17:39
Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен ұсынылатын қызметтерді алу үшін egov, telegrаm, mgov және 1414 колл орталығы арқылы кезектілікті брондауға болады. ХҚКО бару үшін: -Брондалған уақыттың басталуына 15 минут қалғанда келу; -Өзіңізбен бірге қолданыстағы жеке куәлік немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; -Медициналық тіркеуден өту үшін бөлімге брондалған уақыт басталғанға дейін 30 минут бұрын келу қажет.