«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 22.05.2020, 15:00
  • 22.05.2020, 18:00

Оразбекова Гулмира 22.05.2020, 17:21, Сұрақ нөмірі: 9295

  • 0

Сіздердің, Департаменттеріңізге қызмет көрсету саласында орын алған құқық бұзушылықтар туралы шағым берсем, қанша күнде жауап бересіздер?

Түркістан облысы 22.May.2020, 17:40

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері белгіленген. Яғни, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.