«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 22.05.2020, 15:00
  • 22.05.2020, 18:00

Досжанов Калмахан 22.05.2020, 17:26, Сұрақ нөмірі: 9296

  • 0

Мен отбасылық жағдайыма байланысты 21 000 теңге алуға өтінішті қайда тапсырамын?

Түркістан облысы 22.May.2020, 17:41

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш тапсыруға болады. Сіз өзіңіздің ЭЦҚ арқылы egov.kz «Электрондық үкімет» порталына кіріп, басты беттегі «Электрондық өтініштер» бөлімін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басып, одан кейін ашылған бетте сұратылған ақпараттарды енгізіп, «Жіберу» батырмасын басу арқылы өтініш тапсыра аласыз.