«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 22.05.2020, 15:00
- 22.05.2020, 18:00
Изтай Орынбек 22.05.2020, 17:30, Сұрақ нөмірі: 9297
Сәлеметсіз бе Айбек Ақбергенұлы. Менің атқарып отырған лауазымым қысқарған жағдайда маған жәрдемақы төленеді ме?
Түркістан облысы 22.May.2020, 17:41
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабы 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.