Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу
- Сұрақтар: 31
- Жауаптар: 31
- 28.05.2020
- 28.05.2020, 18:00
ӨСЕРОВА АСЫЛГҮЛ 28.05.2020, Сұрақ нөмірі: 9300
Мемлекеттік қызметке түсу үшін қандай құжаттар керек?
Қостанай облысы 28.05.2020
Құрметті, Асылгүл! Алдымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабында көзделген талаптарға сәйкес болу қажет, атап айтқанда кандидат: - Қазақстан Республикасының азаматы; - 18 жастан жас емес, бірақ зейнеткерлік жасқа жетпеген; - іс-әрекетке қабілетті деп; - медициналық қорытындыға сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындау үшін қажетті шамада дені сау; - Мемлекеттік қызметке кіргенге дейін 3 жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін, не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталмаған; - Мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы жоқболуға тиіс. Бұдан әрі, мемлекеттік қызметке кіру үшін келесі кезеңдерден өту керек: 1. Заңнаманы білуге тестілеу; 2. Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу; 3. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланған бос лауазымдарға мониторинг жүргізу; 4. қалаған бос лауазымға орналасу үшін әңгімелесуден өту. Жалпы конкурсқа қатысу үшін кандидаттар мемлекеттік органның бос лауазым туралы хабарландаруында көрсетілген электрондық поштаға немесе мекенжайына мынадай құжаттарды тапсырады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім); 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері; "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі. Толық ақпаратты: 87142391783,391664,393556 телефон нөмерлері арқылы алуға болады.