Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу
- Сұрақтар: 31
- Жауаптар: 31
- 28.05.2020
- 28.05.2020, 18:00
Құлманова Жанат 28.05.2020, 15:14, Сұрақ нөмірі: 9307
Сәлеметсіздерме! Университеттегі оқуымды аяқтаған соң мемлекеттік қызметте жұмыс жасағым келеді. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасау үшін жұмыс тәжірибесі міндетті түрде қажет пе?
Қостанай облысы 28.May.2020, 15:16
Сәлеметсізбе. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары қойылады. Біліктілік талаптарға сәйкес, кейбір мемлекеттік лауазымдар санаттарына жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмаған. Мысалы: облыстық жергілікті атқарушы органдардың D-О-4, C-O-5 санатындағы бас маман лауазымдарына жұмыс өтілі қажет етпейді. Жазылғанға сәйкес, жұмыс өтіліңіз болмаса, Департаменттің ресми сайтында орналасқан бос орындар туралы хабарландырулар бөлімінде, жұмыс өтілі қажет етпейтін мемлекеттік лауазымды таңдап, бос орынға орналасуға конкурстан өтуге өтініш беруіңізге болады.