Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 31
  • Жауаптар: 31
  • 28.05.2020
  • 28.05.2020, 18:00

Кенжахметов Нурлыбек 28.05.2020, 16:14, Сұрақ нөмірі: 9326

  • 0

Сәлеметсіздер ме! Мен мемлекеттік қызметте соңғы 20 жыл бойы қызметімді атқарудамын. Келер жылы зейнеттік жасқа толамын. Заң бойынша зейнеттік жасқа толған азаматтардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығы бар. Менің сұрағым, бұл мерзімді тек бір жылға емес екі жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған ба?

Қостанай облысы 28.May.2020, 16:16

Сәлеметсіз бе. Дұрыс айтасыз, қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 61-бабының, 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына, мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығы ескеріліп, олардың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы негіз болып табылады. Жоғарыда жазылғанға сәйкес, мемлекеттік қызметте болу мерзімі тек Заңмен бекітілген мерзімге ғана ұзартылады. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметте болу мерзімі бір жылға ұзартылған азаматтарға мемлекеттік қызмет саласындағы Заңның талаптары қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 30 – бабының, 5-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте азаматтарға мемлекеттік қызмет саласындағы Заңның талаптары қолданылмайды.