Мемлекеттік қызметке түсу ережесіне өзгерістер енгізу туралы
« Мемлекеттік қызметке түсу ережесіне өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 28.05.2020, 16:30
- 28.05.2020, 18:00
Мажитов Айтбек 28.05.2020, 17:28, Сұрақ нөмірі: 9329
Сәлеметсіз бе, мемлекеттік қызметке тұру үшін өтініш берушінің кәсібіне шектеу қойыла ма? Егер бизнеспен шұғылданып жүрсем, әрі қарай кәсібімді жалғастыра аламын ба?
Павлодар облысы 28.May.2020, 17:47
Сәлеметсіз бе, Заңнамаға сәйкес Мемлекеттiк қызметшi педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға құқылы емес. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады.