Мемлекеттік қызметке түсу ережесіне өзгерістер енгізу туралы

« Мемлекеттік қызметке түсу ережесіне өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 28.05.2020, 16:30
  • 28.05.2020, 18:00

Типанова Гульнара 28.05.2020, 17:48, Сұрақ нөмірі: 9332

  • 0

Сәлеметсіз бе, Бақылаушылар ретінде әр бір адам қатыса алады ма? Олардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойыла ма? Бұрын қалай болып еді?

Павлодар облысы 28.May.2020, 17:49

Сәлеметсіз бе, Агенттік конкурс рәсімдерінің ашықтығын одан әрі жағарылатуға бағытталған түзетулерді қабылдады. Осылайша, соңғы түзетулерге сәйкес конкурсқа қатыса алатын әлеуетті байқаушылардың шеңбері кеңейтілді. Бұрын байқаушылар қатарына депутаттар, БАҚ, қоғамдық бірлестік, саяси партиялардың өкілдері, Агенттік пен өзге органдардың қызметкерлері кіретін. Енді байқаушы ретінде кәмелетке толған іс әрекетке қабілетті әр азамат бола алады. Бұл үміткерлерге конкурстық комиссия хатшысын алдын-ала хабарландыра отырып, әңгімелесуге өз байқаушысын шақыру мүмкіндігін береді.