«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Қ. Мұқашев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.05.2020, 11:00
- 29.05.2020, 16:00
Шаубаев Нуртас 29.05.2020, 11:29, Сұрақ нөмірі: 9336
Мемлекеттик органдарда кызметтик адеп нормаларын ким кадагалайды?
Ақтөбе облысы 29.05.2020
Сәлеметсіз бе. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесіне сәйкес Ақтөбе облысындағы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы Омарова Ризагүл Мырзағалиқызына жүктелгендігін жеткіземін. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде және қала мен аудан әкімдіктерінде де әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың бір қызметшісіне жүктелген.