Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалаудың жаңа тәсілдері туралы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына тұжырымдамалық түзетулер

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 29.05.2020, 15:00
  • 29.05.2020, 17:00

Избасаров Дархан 29.05.2020, 16:45, Сұрақ нөмірі: 9344

  • 0

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізудің жалпы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесіндегі рөлі қандай?

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 29.May.2020, 16:51

Сәлеметсіз ба Дархан! Сұрағыңызға рахмет. Есеп комитеті мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғарғы органы ретінде мемлекеттік аудит органдарының қол жеткізген нәтижелерінің деңгейін өлшеу, олардың жұмыс сапасы мен нәтижелілігін арттыру мақсатында мемлекеттік аудит органдарының (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және тексеру комиссияларының) қызметіне бағалау жүргізеді. 2016 жылы 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартының қабылдануына байланысты 2017 жылдан бастап аталған мемлекеттік аудит органдары жылына 2 рет, яғни бірінші жартыжылдықта және екінші жартыжылдықта атқарған қызметтері бойынша бағалауға жатады. Тексеру комиссияларының қызметтерін бағалау олардың ішкі қызметтерінің ұйымдастырылуының, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде өз құзыреттерінің іске асырылуының көрсеткіші болып табылады. Сол сияқты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес өзіне жүктелген функцияларының қаншалықты тиімді атқаратынының тиісті көрсеткіші болып саналады.