«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына» енгізілген өзгерістерге қатысты сұрақтарға және мемлекеттік қызметке қатысты қосымша сұрақтарға жауаптар беріледі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына» енгізілген өзгерістерге қатысты» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ш.А. Сұлтанхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 01.06.2020, 11:00
- 01.06.2020, 16:00
Ажибаев Айбек 01.06.2020, 13:04, Сұрақ нөмірі: 9349
Саламатсыз ба, әкімшілік мемлекеттік қызметте ішкі немесе жалпы конкурстардың айырмашылығы неде? Мысалы бас маман лауазымына кейбір мемлекеттік органдар ішкі конкурс жариялайды кейбіреулері жалпы конкурс жариялайды. Осы сұрақты түсіндіруіңізді сұраймын.
Жамбыл облысы 01.June.2020, 13:59
Сәлеметсіз бе! Қолданыстағы Заңға сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте, жалпы конкурс "Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын ең төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына ғана жарияланады да, төменгі болып табылмайтын лауазымдарға ішкі конкурстар жарияланады. Яғни, конкурстық іріктеулер мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес бекітілген лауазымдар тізілімі бойынша жүргізіледі.