«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына» енгізілген өзгерістерге қатысты сұрақтарға және мемлекеттік қызметке қатысты қосымша сұрақтарға жауаптар беріледі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына» енгізілген өзгерістерге қатысты» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ш.А. Сұлтанхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 01.06.2020, 11:00
- 01.06.2020, 16:00
Ахметова Зулипа 01.06.2020, 15:12, Сұрақ нөмірі: 9352
Сәлеметсіз бе! Менің мемлекеттік қызметте жұмыс жасағым келеді. Елімізде мемлекеттік қызметшілердің қандай құқықтары бар?
Жамбыл облысы 01.June.2020, 15:21
Сәлеметсіз бе! Қолданыстағы Заңға сәйкес, мемлекеттiк қызметшiнiң негізгі құқықтары келесідей: өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға; еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына; әлеуметтік және құқықтық қорғалуға; өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға; жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына; тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға; зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.