«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына» енгізілген өзгерістерге қатысты сұрақтарға және мемлекеттік қызметке қатысты қосымша сұрақтарға жауаптар беріледі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына» енгізілген өзгерістерге қатысты» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ш.А. Сұлтанхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 01.06.2020, 11:00
- 01.06.2020, 16:00
Алдамжарова Алия 01.06.2020, 15:19, Сұрақ нөмірі: 9354
Саламатсыз ба. Мен мемлекеттік қызметке жаңадан қабылдандым және бүгін сынақ мерзімінен өтудемін. Егер сынақ мерзімінен өтпей қалған жағдайда, маған қандай шара қолданады?
Жамбыл облысы 01.June.2020, 15:45
Сәлеметсіз бе! Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарына сәйкес, сынақ мерзімі үш айға тағайындаладыі. Егер осы үш ай кезеңінде сынақ мерзімінен өту нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша тағы да үш айға ұзартылады. Ескеру қажет, бір рет ұзартылған сынақ мерзімі одан әрі қайта ұзартылмайды. Сондай-ақ, ұзартылған мерзімде де сынақтан өтушінің сынақ нәтижелерi қанағаттанарлықсыз болса, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесімен келiсу бойынша қызметтен шығарылуға жатады.