«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері»
«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкіміГ.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 03.06.2020, 11:00
- 03.06.2020, 17:00
Дәлі Медет 03.06.2020, Сұрақ нөмірі: 9367
Сәлеметсіз, Мен Далиев Медет Корганбекович 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында тәрбиеленудемін. Жақында 23 жасқа толамын. Орталықтан шығып, жаңа өмірге қадам басамын. Мені баспана жайы мазалайды. Қазіргі таңда кезекте 26-шы болып тұрмын. Осы кезегіме сәйкес қашан пәтер ала аламын?
Қызылорда облысы 03.06.2020
Қайырлы күн, Медет Далиев. Облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту өзекті мәселердің бірі. Жыл басында сол жағалау тұрғын ауданынан жалпы саны 190 арендалық пәтерді құрайтын 4 көппәтерлі тұрғын үй берілді, оның ішінде 20 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кезек реттілігі бойынша табысталды. Енді міне, карантин уақыты аяқталғаннан кейін тұрғын үй беру мәселесі қайта жанданатын болады. Медет, Сіз тұрғын үйге кезекте тұрған болсаңыз реттілік бойынша алдағы уақытта пәтер берілетін болады, оған дейін «Жастар үйінен» арендалық пәтер беруді қарастыру бойынша қала әкімдігіне тапсырма беремін. Мәселеңіз қараусыз қалмайды.