«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері»

«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкіміГ.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 03.06.2020, 11:00
  • 03.06.2020, 17:00

Алибекова Анар 03.06.2020, 13:15, Сұрақ нөмірі: 9374

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Менің балам Қызылорда қаласындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде 2 курста оқиды. Екі жылдан бері қалада пәтер жалдап тұрады. Осы оқу орнының жатақхана мәселесін шешуге бола ма?

Қызылорда облысы 03.June.2020, 13:36

Қайырлы күн! Сұрағыңыз орынды. Бұл мәселе Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасында нақты көрсетіліп, студент жастарды 2022 жылға дейін жатақханамен қамтамасыз ету тапсырылған. Біздің облысымызда 10 колледж бойынша жатақханаға деген қажеттілік 1375 орынды құрап отыр. Сіздің балаңыз білім алатын Қызылорда құрылыс және бизнес колледжіне қажетті жатақхана мәселесін «Сүйеніш» жеке кәсіпкердің құрылысы аяқталмаған ғимаратын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін студенттерге 200 орындық жатақхана ретінде пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.