«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері»
«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкіміГ.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 03.06.2020, 11:00
- 03.06.2020, 17:00
Абдиханова Айгерим 03.06.2020, 13:23, Сұрақ нөмірі: 9375
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Биылғы жылдың 4 тоқсанында балаларымыз үйден қашықтан оқыды. Алда 3 ай каникул. Жылда балаларымыз лагерьге баратын еді. Биылғы жылы лагерь жағдайы қалай болмақ? Балаларымызды жібере аламыз ба?
Қызылорда облысы 03.June.2020, 13:50
Сәлеметсіз бе, Айгерім! Сұрағыңызға рақмет! Елімізде орын алған пандемияға сәйкес барлық мектептер қашықтан оқытуды ұйымдастырды. Бұқаралық іс-шаралардың барлығы онлайн немесе қашықтық форматында өткізілуде. Облыста COVID-19 вирусының тәуліктік өсімі 7%-дан асатын жағдайда лагерьлердің ашылмай қалу тәуекелі бар. Жалпы облыста барлығы 9 лагерь бар, оның ішінде биылғы жылы 7 лагерь жұмыс жасауға дайын. Егер, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына енгізілген жағдайда біз балаларды лагерьлерге жібере аламыз. Сондай-ақ, өңірдегі КВИ ахуалына байланысты жазғы уақытта мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс жасамайды. Дегенмен, жұмыс тоқтап қалмайды. Бүгінгі күні инстаграм әлеуметтік желісінде «Онлайн каникул» парақшасы арқылы жаз бойы үйірме жұмыстары байқаулар, конкурстар тегін ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған, жетім, көпбалалаы отбасы және дарынды балаларға Байқоңыр және Қызылорда қалаларына экскурсиялық тур ұйымдастырылады. Бала қауіпсіздігін сақтау – басты міндетіміз. Сондықтан, сіз бен біз болып бұл сындарлы сәттен де бірге шығамыз деп ойлаймын.